Статистикасымақ

Оқу жылы басталғалы Алматы тұрғындары (басқа қаланы білмедім) пробкаға тап болды. Баяғы жарты сағатта жететін жұмысыма 1 сағатта әреееең жетем. Үлкендер студенттерді неге ұнатпайтынын енді ұқтым. Өзім студент болғанда байқамаушы ем. КазГУ аялдамасынан соң қоғамдық көліктің ішінде футбол ойнауға болады. Кеңінен тыныстайсың.

Кеше жұмыстан соң кезекті көлік кептелісінде тұрып-тұрып іш пысқаннан жаңа ермек таптым өзіме. Шағын статистика жүргізу. Бір аялдамадан екіншісіне жеткенше неше көлік айдаған әйел адам өтеді екен деп санап тұрдым. Жарты аялдама өткенше шамамен 30-ға жуық көлік өтті, жүргізушісі – әйел. Тағы бір байғаным, астындағы темір тұлпарлары осал емес. Көбісінікі қымбат көлік. Олар «либо лучшее, либо ничего» деген саясатты ұстанса керек.

Аталмыш статистикамның тез аяқталуының себебі, көзім талып кетті.

************

Керекті аялдамамнан түскен соң үйге 1 кварталдай жүру керекпін. Ендігі статистика нысаны джинси киген жандар болды. Үйге жеткенше 39 адамды көрдім джинси киім киген. Үлкені де, кішісі де қалыспайды. Елді қайтем айтып, өзім де жақсы көрем джинсиды.  Мдаааа, әлі суық түспеді жаз мезгілі дегеннің өзінде осылай. Күн суыса стастистикам екі еселенеді-ау. Кеңес үкіметі кезінде адамдар қалай өмір сүрген джинсисыз а?

2 thoughts on “Статистикасымақ

  1. Статистика қызықты болуы үшін әйелдермен бірге, еркектерді де санау керек еді. Сол кезде бұл санның көп немесе аз екенін түсінер едік. Әрі қай көшенің бойы екенін де айта кетсең жақсы болар еді. 🙂

    пысы. джинсидің түрлері де бар ғой. Мүмкін брэндтері немесе түстері бойынша бөлерміз. Көбі қара түстіні қалайтын шығар.

    • Әйелдерді санап қана үлгердім, ерлерді санауға тағы екі көз қажет болды:-)
      Тимирязев көшесі, Байзақов пен Манаскөшелерінің ортасы, шамамен.
      Ал джинсиға келер болсақ, брендтерін білу үшін әрқайсыны тоқтатып сұрау керек, менікі джайски статистика ғо. Сосын қара түстен гөрі көк түсті джинси көбірек болды

Leave a reply to urimtal Жауап беруден бас тарту