Сырласу

        Біз де баяғыдай емеспіз, өзгергенбіз. Уақыт, өмір бізді өзгертті…

        Әрине, адам үнемі даму үстінде. Өскен сайын ақыл да кіре бастайды. Бірақ сезім мен достық қарым-қатынас өз биігінен еш уақытта құламауға тиіс. Бұл адамгершіліктің белгісі.

        Солай ғой. Алайда әркім әрқалай ойлайды. Мен кейде достық жіпті үзгенім үшін өзімді кінәләймін. Кінәләймін де, өзімді өзім ақтап аламын…

        ?

        Кейбірімен «мені іздемеген жанды іздеп қайтем, демек менен де жақын сырласы бар» деген ой болса, енді бірімен ортада ортақ ештеңе қалмаған сияқты, ортамыз бен қызығушылығымыз сәйкес келмейді дейтінмін.

        Келісем, адамның қызығушылығы да, ортасы да өзгереді, онымен қоса басқа адамдарға да бауыр баса бастайды. Бірақ мұнымен ол адам сені ұмытты, сені достар санатынан алып тастады деген сөз емес қой. Кейде мына қарбалас тіршілікте бәрімен тығыз бұрынғыша араласу мүмкін бола бермейді. Негізі менің сол кезде құрбы деп санап келген жандарды әлі де жақсы көрем және олармен кез келген жағдайда ортақ тіл табыса алам деп ойлаймын. Сондықтан біз дос болдық және дос боп қаламыз да!

        Рас айтасың. Мен де баяғыша жақсы көрем достарымды, бірақ қанша уақыт өтсе де сезімімді көрсетуді үйрене алмадым. Осыған дейін достығымды ұсынып, ешкімге байлағым келмеді. Менен басқа ешкімге керек еместей көрінетін. Бәлкім мен қателескен болармын, иә. Қателескен екенмін…

        Мына күйбең тіршілік пен зымыраған уақыт маған да, саған да ойлануға да, кеткен қателікті түзетуге де мүмкіндік бермеді. Сондықтан осындай түсінбеушілік болды. Бірге өткізген сол бір бақытты күндерді бағалауымыз керек әрі сол кездегі сыйластық, достық, сүйіспеншілік сезімдерін жоғалтпауымыз тиіс деп ойлаймын…

        Эх, студенттік күндерді қайда оралтар болсақ қой…

        Айтпа, ол кезде өзімізше бақытты едік қой…

        Сол күндерді еске алсам, жаным жадырайды. Сендер берген сыйлықтар, открыткалар, бәрі-бәрі сақтаулы…

        Мен де. Уақыт өтіп, есейген сайын көп ойланады екенсің. Ақыл кіріп, ес кіріп… Баяғыдай ессіз студент емеспіз…

        Сол күндерді соншалықты сағынамын деп кім ойлапты…

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s