Жазым қалай өтті

Осыған дейін де бұрқыратып жазғаным шамалы еді, бірақ азды-көпті жазғанымды тоқтатуыма әсер еткен факторлар –  жаздық демалыс бар, оған уордпресстің жабылғанын қосыңыз. Ерланның “жазыңдар” деген жан айқайын оқып, саусақтарымды клавиатураға қойдым:-).

Жаздың қалай өткенін де байқамай қалдым. Маусым айынан бастап Алматы-Семей-Өскемен-Күршім-Алматы маршрутымен сапарлаттық. Семейдің көпірін, Өскеменнің автовокзалын ғана көре алдым. Күршімде ұзағынан аялдадық. Ертістің арғы жағында орналасқан бұл аудан орталығында 1,5 айдай уақыт болыптық. Барғаннан келіндік қызметім басталды. Онда барғалы газ, духовка, еттартқыштармен мықтап достастым. Рас, Таразда өскен маған біраз нәрсе таңсық болып көрінді:

·         Таңнан тұрып есік алдын сыпыру, сәлем салу, сиыр сауу атымен жоқ. Ондайға үрке қарайды.

·         Рауғашты алғаш көрдім әрі таттым. Қышқылдау болған соң, оны қантқа матырып жейді екен.1 мүшегін 700 тг. сатып алып, варенье жасауға боладыJ

·          Балықтың фаршынан котлетті де осында көрдім қалай жасайтынын.

·         Шығыстықтар үшін: қияр-әгүршік, қасық-қалақ, үлкен-жоян, піскен-пісқан, пияз-сарымсақ т.т. екен.

·         Жалпы Ертістің өзі, паром бәрі-бәрі мен үшін бір ерекше дүние болды.


Бір түсінгенім, еліміздің Шығыс өңірінің фаунасы мен флорасы бай екен. Тауы да, суы да, табиғаты да әдддемі. Табиғатына қарап көзім демалды, шын айтам. Ұнамаған бір нәрсесі – масалары. Олар кімге ұнасын? Бірақ Күршімнің масалары көзіңді бақырайтып киіміңнің сыртынан шағып кетеді ғой. Опшым, біраз қаным ішілді:-).

Бірде бақшадағы сулы шұңқырдан 32 шаян таптық. Шелекке салып, үлкен суға жібердік. Соның бірін суретке түсіріп алып ек.


Бұл аймақтағылардың біразы балық аулап, оны сатып күнін көріп жүрген екен. Алайда түрі жәп-жаман мына шаяндардың құны қымбатырақ болған сон, шаянға көшкен. Естуімше, бір балық зауыты бар, оның өзі бар өнімді Еуропаға жібереді. Шаянмен айналысатын бір шаруа қожалығы бар, бар тауарды Ресейге жөнелтеді екен. Жеп көргендердің сөзіне сенсем, шаян өте дәмді және де тек тірідей пісіріледі екен.

Балық пен шаянды қойшы, мұндағы жұрт құртқа жорыққа шығыпты. Таулы жерде бір шөп бар, соның тамырында әппақ құрттар болады екен.Оны қытайлықтар қымбат бағаға сатып алуда. Бір шақпақ қорабы 30 мың тг, 1 литры 350 мың тг, Зайсан жақта 500 мыңға алатынын білдік. Ол шөптің тамыры 1,5-2 метр тереңде екенін ескерсек, жұмысы оңай емес. Бірақ сомасы да жаман емес ә.Әлгі құртты спиртпен настой жасап, ішсе адам бар ауруынан айығады екен. Ай, қытайдың білмейтіні жоқ.Құртымыз да кетті Қытайға.

Бір күні есік алдынан мына кірпішешенді ұстап алдық. Ұстап алдық та, фотосессия жасадық:-)

Бәрін айт та, бірін айт, осы жаз өзі қызыққа толы болды!



10 thoughts on “Жазым қалай өтті

  1. Ой, әбден қыдырыпсыңдар ғой, жасапсыңдар! Суреттерің әдемі екен, әлгі құртты ұстап, не құрт екенін зерттеп көрер ме еді, ә

    • ол шөп өсетін жер бізден алшақтау жерде, оның үстіне құрттың түр-түсін анық білмеген соң мүмкін болмады. Әйтпесе маған да қызық болған алтынға тең нағылған құрт екені:-)

  2. Керемет демалыс болыпты. Сенде қоймастан сәлем бере бермедің бе бәріне. ))) Суреттерің керемет, әсіресе темекі тартқыш шаян….. бірақ қолға ұстағанда жыбырлап қорықпадың ба? ішшшәәәйй былбыр былбыр жұмсақ па шығар иа….
    суға жібермей сатуың керек еді…. шаянды…

  3. Ал,ендеше, келін шырақ, біздің жаққа, яғни түскен жеріңе “судай сіңіп, тастай бат” деп тілек айтайын! Жазбаң да сәтті жазылыпты. Суреттерің де керемет. Сосын үрке қарау емес, “келінді тым еркелетіп” ұстаймыз…:) Әрине, қалжың ғой, расымен де “келінге қоятын талаптар” – ол бізге таңсық дүние.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s