Әлеуметтік жарнама. Семинардан соң.

18/05/2011. «Қазақстандағы қайырымдылық» атты халықаралық конференция өткен болатын. Биылғы тақырып – «БАҚ және қайырымдылық». Мақсаты, міндеті, ұйымдастырушылары, бла-бла-бла, айтып бас қатырмай-ақ қояйын. Мақсат ол емес. Конференцияның екінші бөлімінде екі секцияда мастер-кластар өтті.

1.      «Өмірді өзгертудің 101 тәсілі: журналист не істей алады?» – тренер Анна Белокрыльцева, «Студио-Диалог» бас редакторы, «Адреса милосердия» («Россия» радиосы) радио бағдарламасының авторы.

2.      «Әлеуметтік жарнаманың 5 принципі мен 5 қателігіі» – тренер Гюзелла Николайшвилли, http://www.socreklama.ru интернет-жобасының жетекшісі, «Әлеуметтік жарнама зертханасы» АКеҰ директоры.

Екі тақырып та қызық болғанмен, екіге жарылу мүмкін болмаған соң, Гюзелла апайдың секциясын таңдадым. Сондағы ұққанымды алдыңғы посттарда жарияладым. Гюзелла әрине Ресейдегі жарнама туралы, содан соң Европадағы жарнамаға да тоқталды. 

***

 Европадағы компанияларда HR бөлімінде адамды жұмысқа алғанда, оның темекі шекпегенін қалайды екен. Тіпті анкета толтырғанда арнайы сұрақтар бар көрінеді. Себеп – дені сау адам еңбекке бейімді келеді.

***

Украинада жақсы, жарқын жарнамадан гөрі  депрессивті жарнама басым.Бәлкім халқының көңіл-күйіне байланысты болар. Қызғылт сары көтеріліс, т.б.

***

Кез келген жарнаманы тестілеп отыру керек. Интернет беттерінде, фокус группада

***

Европада шокты жарнама жұмыс істейді. Өз мақсатына жетеді. Индивидуализм жайлаған Европада стресс аз.

***

Мәскеудің метроларынан шокты жарнаманы көрген жастар /бір көзі жоқ, іріген өкпе т.т./, метродан шыға сала темекі тартып-тартып жібереді екен. Әсерлілігі соншалық.Бұл дегеніміз жарнама жергілікті тұрғындардың менталитетіне, ортасына қарай жасау керек. Аудиторияның психологиясын, көзқарасын ескеру маңызды.

Әлеуметтік жарнама дегеніміз шошыту, үркіту емес, ортаны гуманизациялау, рухани, адами құндылықтарды насихаттау. 

т

 

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s