Әлеуметтік жарнаманың 5 қателігі

  1. Шокты жарнама беру. Төмендегі 1-ші сурет Ресейдің бір қаласының билбордтарында ілінген. Өз өзіне қол салған жастар көбейген.  

2. Болымсыз етістікті пайдалану.  Кішкентай балаға (үлкенге де) болмайды, ішпе, шекпе деген сайын керісінше жасайды ғой. ӘЖ-да да солай. Ішпе, шекпе, “Темекіге “жоқ” де” деген жарнамалар кері әсерін тигізеді екен жастарға.

3. Қою қара түсті фондарды пайдалану. Депрессия тудырады. Әсіресе Украинада осындай ӘЖ көп екен.

4. Тым креативті жарнама. АҚШ-та қайбір жылдары марихуанаға қарсы ӘЖ-ға 939 млн.$ салынған. Алайда ӘЖ өз мақсатына жетпеген, керісінше марихуана пайдаланушылары көбейе түскен, яғни жарнаманың әдемілігі, креативтілігі соншалықты жасөспірім балалардың өзі қызығып кеткен. Наркомандар санын 80%-ға арттырған. Жарнаманың құдыреті десеңші.

5. Пафосты жарнама. Төмендегі 1-ші суреттегі жарнама үшін Ресейде үлкен шу болған екен. Жарнама жасаушылар қанша креативті болсын дегенмен, баланың денесін қорлауға болмайтынын ұқпаған. Идея маңызды олар үшін. 2-ші суреттегі жарнаманы (нижняя Новгород қаласы ғой дейм) көрген балалар шошып жылаған. Үлкен кісілерге әсер еткені соншалықты, әлгі жарнаманы көргеннен кейін ұйықтай алмаған.  


 

 

 


2 thoughts on “Әлеуметтік жарнаманың 5 қателігі

  1. Шынымен адамды шошытатын жарнамалар екен. PR және жарнамамен айналысқанда есте болатын жәй екен.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s