Адам өміріне қауіпті жемістер

 Жаңа жыл қарсаңында аллергия деген бәлеге тап болдым. Аллергияның зоры – крапница ғой тағы. Кеш батқанда ал бір кеп қышынасың қотыр адам сияқты. Анализ тапсырып, доғдырға көрінгендегі диагнозым – жеміс-жидекке, әсіресе цитрусқа аллергия. Экзотикалық ештеңе жемеген сияқты едім. Әдеттегі алма-мандарин ғой. Бір жеген мандаринімнің арқасында бір ай ауырдым. Өйтіп-бүйтіп, дәрі ішіп жатып құтылдым.

***

Өткенде анам үйге алма алып келді, түріне қарап біздікі емесін аңғардым. Дәмін татып көріп ем, дәмсіз екен, басқа ауызға салмадым. Түсінікті. Анамның жегенін көргем, кешке көзі ісіп, теріскен сынды бірдеме шыға келді. Демалыс күндері, ертесіне тетрациклин жағып едік  еш көмек болмады. Содан дүйсенді күні көзі жартылай ашылмай қалған кез болатын, окулистке барып көрінсе, аллегрия деген диагноз қойыпты. Дәрі, көз тамшылары, кетті.

***

Алдыңғы күні әпкелерім апельсин ала келген үйге. Қорқынышпен дәм таттым. Бекер татыппын, қорқынышым расталды. Бетім бөртіп, қызарып кетті. Ертесіне сол апельсинді анам жеген, кешкісін көзі ісіп шықты.

***

Танысым 1-ден жаңа асқан баласына витамин  жесін деп құлпынай берген. Ертесіне дәрігер шақыруға тура келді. Аллергия.

***

Жаңалықтар қарап отқам, Қытайдың Даньян округінде егілген қарбыздың 67% пайызы жарылған. Себеп – химиялық қоспа.

***

2008 жылы Қытайда балаларға арналған сүт өнімдерінде меломинның шамадан тыс көп болғандығынан 6 бала көз жұмып, 300 мың бала созылмалы ауруға тап болған.

***

P/S. Өмір не боп кетті? Дұрысы, адамдар қандай боп кетті? Ақшаның артынан без-без етеміз деп, адамгершіліктен айырылдық. Адам өмірі мен денсаулығы көк тиын. “Көк тиынды” қайтсін, көп тиын тұрғанда.

4 thoughts on “Адам өміріне қауіпті жемістер

  1. қытайда кісі саны көп боландықтан ОЛ жақта адамдар пайдаланатын жеміске қыймыйылық қоспаны қосуға қарыс емес ол адам санын қасқартып шектеп тепе тең ұстауға тиіс деген пікіпде .Содан аулдық жерде дұзге еністік жерне оытра бередің себебі көкініс оған жақсы шығады.

    Қазақстаның ұланғаиыр жері тұрып қатайдың сасынған боғын базарға жыиу ол өз обалдарың …

  2. Ия, қытайдың сондай бір алмасы бар. Дәмсіз, жесең қағаз сияқты. Не істемей жатыр бұ қытай? Жасанды жұмыртқа да шығарып жатыр ғой.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s