Қайта айналып келгенше немесе Бермесең бермей-ақ қой баспанаңды…

Алланың сынағы, бәлкім тағдыр талабы болар ендігі тұрағым Ақтау қаласы болмақ. Иәә, уордпресте Таразқызымын, өзім Алматыны мекен етуші ем, ендігі бағытым – Ақтау. Әлгі орыстардың «мой адрес не дом и не улица, мой адрес Қазақстан» /аздап өзгерту енгізген өзім/ дегеніндей болып тұр. 

Сүйдім. Әлі де сүйем. Алматыны айтам. Бәрі бір көргеннен ғашық боп жатады. Мен де сол «бәрінің» бірімін.

Алып шаһардан кетпеуге, талай жанға пана болған мекенде қалуға тырысып бақтым. Бірақ, адам дегені болмайтыны тағы бар. Қалың малға сатылған қыздай/айдауға жіберілген жандай/ кете барам да, қайтем…

Туған, туыс, дос-жаран, құрбы-құрдас… Барлығы да қалады, менен жырақта болады. Бөтен қала, бөгде адамдар. Бармай жатып-ақ жатырқап жатқаным рас. Кейде «сен-ақ осы жауды жақындатып… талай қазақ баласы шетелде оқып жатыр ғой» деп зекіп қоям өзіме. Сосын «қойш, сен өзі ақылды сияқты едің ғой, сабырға сал, көн. Одан басқа қолдан келер қайран жоқ. Алла басқа салған соң, баруың керек, Таразқызы, ой, экс Таразқызы, экс Алматықызы, енді Ақтауқызы». Мүмкін мұнайлы мекен, қазақы өлкеде бақыттырақ болармын. Мүмкін… Баянның «Бір бақытқа жету үшін, бір бақытты жоғалттым» деуі бар еді ғой(ендіііі өзімді бірдеңе деп жұбатуым керек қой, иәә). 

http://www.vernoye-almaty.kz сайтынан алынды

21 thoughts on “Қайта айналып келгенше немесе Бермесең бермей-ақ қой баспанаңды…

    • Рас-ау, бірақ мен достарымнан, туғандарымнан жырақтап көрмеген жанмын. Сондықтан болар, көшу керек деген ойдың өзі маған қиын тиіп жатқаны.

  1. Ақтау – теңіз жағасындағы өте көркем қала. Тазалығы да, ауасы да басқа қалалардан жақсы, бір үйреніп кетсеңіз – кетпей қаласыз бұл қаладан. Адайлар бар қазақ сияқты бауырмал, қонақжай талай кавказдықтарды да паналатқан. Менімен көрші болатын болдыңыз ғой.

  2. Таразқызы мен Ақтауданмын. Ақтаудай қала еш Қазақстанда жоқ. Жазда пляжьда жүресің Теңіздің жағасында, таңртең ұйқыдан тұрғанда қаланың ішінде морской бриз ұрып түрад, таза ауа, теңіздің иісі.Одан қалса, қыста Ақтауға аққулар келед. Соларды қолыңнан тамаұтандырып қызыққа батасың. Шап шағып, тап таза қала. Адамдары өте “сыпайы”….))

  3. “Жүгірген жетпейді, бұйырған кетпейді” дейді ғой. Дәм бұйырып Ақтауға келсеңіз, өкінбейсіз. Жұрттың осы маңғыстаулықтардың “сыпайылығынан” неге сонша үркетінін білмеймін?!🙂 Ақтау – өте жақсы қала, Қазақстанның қай қаласы да керемет қой. Мұнда бір бауыр басқан кісі кете алмайды, кетсе де сағынып жүреді.
    “Маңғыстау сені тастап кеткеннен соң,
    Көзімнің жүре алмадым жасын тыйып” – деп, Тастемір жырлаған екен.
    Айтып-айтпай не керек, келген соң көресіз.🙂

  4. Жылай жаздадық қой оқып…..құдды өзім Ақтаулық болғалы жатқандай. Сүйген адаммен хоть на край света деп Розатай айтпақшы, бізде эксАлматинка боп кетпесек жарар ед…. Бір көргеннен ессіз сүйген Алматы —- ойбуууууу, кете салу оңай емес-ау бұл қаладан… морский бриз ұрып тұрмасада….
    Аман бол, о жақта да қазақ, бұл жақта да қазақ…аққуларға жем берген суретіңді күтеміз ОК Актаудың аққуы!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s