Немқұрайлылық я қорқақтық

 Айта-айта, жауыр болған мәселе екенін білемін. Бірақ шешімін тауып жатқан ештеңесі жоқ. Ертеректе қолыма қыстырып кетсе, ашуланып, қағазды майдалап тұрып жыртып, қоқыс жәшікке лақтыра салатынмын. Бүгінде үйреніп кеттім, қалыпты жағдай. Жақын жерде қоқыс жәшік табылмаса сөмкеге сүңгіте саламын. “Еееее, тағы да ма” деген  сұрақ та емес, жәй ғана немқұрайлылық. Етіміз өліп кеткен…

Үйге келген соң, қолыма алып оқып шықтым (оқитын түгі де жоқ, қарап шықтым). Иманы әлсіз адам, өмірден түңілген адам, несие, үйсіздік пен күйсіздік жағдайында жүрген адам “Өміріңіздегі проблемаларды жеңуге көмектесетін уағыздар; ішімдік пен нашақорлыққа тәуелді жандарға көмек; ауырған жандар үшін дұға оқу” дегендерге үміт артып, жетегінде кетіп, торға түсуі мүмкін ғой талай қазақтың баласы.

*****

Автобустан бір сүп-сүйкімді қазақтың қызымен бірге түстік, байқайм жолымыз бір сияқты. Киімі жұпынылау. Біресе қатарласып, біресе мен артта қалып, біресе озып келемін. Бір уақытта жолымыз екіге айырылды, мен тіке кеттім, ал ол… Ол бір секта қыызмет жасайтын ғимаратқа кіріп бара жатты. Туууу, сіңлім болса ғой, сілкіп-сілкіп алар ем. Танымайтын адамға не дерсің… Деуге болар ма еді… Бәлкім, мен қорқақпын… Қорқақтықтан, дәрменсіздіктен құтылатын кез қашан келер екен.

One thought on “Немқұрайлылық я қорқақтық

  1. Біздің офиске кіре берісте орысша жазылған ескерту ілініп қойыпты. Онда ақырзаман болады, құдайға сыйыныңдар деген сияқты басқа дінді уағыздаушылар парақша іліп кетіпті.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s