Бүгін келіп қан тапсыр да, ертеңгі күнге үміт сыйла!

Донор болу яғни қан тапсыру – көп уақыт пен күш жігерді қажет етпейтін қайырымдылықтың түрі. Қан тапсыру – кез келген адамның қолынан келетін іс. Бүгінгі таңда елімізде 200 мың донор бар екен. 20 жыл бұрын 750 мың донор болғанын ескерсек, бүгінде донорлар саны 3 есе азайды деген сөз. Еліміздегі қан жинау қоры қажет мөлшерде қанмен қамтамасыз ете алмай отыр. Ұлт денсаулығы жолында дәрігерлер атақ пен ақша үшін емес, адам өмірін сақтап қалуды мақсат еткен азаматтарға арқа сүйеп келеді.

Аталмыш жобаны “Бауыржан” қайырымдылық қоры ұйымдастырып отыр.

Басты мақсат – 1000 л.қан жинау.

Акция 20 сәуір мен 20 мамыр аралығында өткізіледі.

Ниет білдірген адам 450 мл.қан тапсырып, эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін концерттік билетке ие бола алады.  “Ринго”, “Орда”, “Меломэн”, “Домино” топтары мен Мадина Сәдуақасова, Ерболат, Дильназ Ахмадиева, Алишер, Сиви Махмуди сынды әншілер қатысатын концерттен қапы қалмаңыздар!

 Қан тапсыру орталықтары:

  1. Республикалық қан тапсыру орталығы (Өтепов к-сі, 1);
  2. Қалалық қан тапсыру орталығы (Бұқар жырау к-сі, 47).

Қабылдау уақыты: 9:00-17:00 (дүйсенбі-жұма)

Толығырақ ақпаратты 262-16-11, 315-40-84 телефондарына хабарласып, ала аласыздар.

Ақпарат көзі:  http://www.baurzhan.kz

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s