Өзіңді есіме алсам нұрланамын

Атам менің. Аташым! Сағындым ғой. Даусыңызды, маңдайымнан сипаған алақаныңызды, ақыл-кеңесіңізді, тіпті ұрысқан сәттеріңізді сағындым. Балалық шаққа саяхаттап көрсем, алғаш өзіңізбен шөп жұлуды үйреніппін. Кәдімгі бақшадағы арам шөпті ше. Қала балалары (өзім де қала баласымын ғой, жартылай ауылда өскен) таяқшамен санауды үйренсе, маған балапан санатып үйреткеніңіз бар еді ғой. Сосын қайбір жаз екені есімде жоқ, қысқа қамданып шөп тасытқызып, тезек жайғызып едіңіз. Түсте тынығып тұрғаннан кейін тапшада отырып Сіз тіліктеп кескен дарбыз бен әңгелекті жеуші едік қой. Есейіп қалған кезде өзіңізбен қойдың алдынан шыққаным, бірде қойымыз кешігіңкіреп келгенде, маған ән салып бергеніңізді қалай ұмытайын. Қой сойғанда да бір аяғын маған ұстатып қоятынсыз. Ең алғаш рет сиыр саууды да Сіздің ұрсуыңызбен үйренген болатынмын. Сосын біразға дейін бүртиіп жүрдім Сізге. Баламын ғой. Қамқорлығыңызды түсінбегем.

Бала кезде түшкірсем болғаны запарож мәшинеңізді оталдырып, доғдырға зуылдайтынсыз. Енді “Өзіңдей қамқор ата қайдан маған… ” деп отырғаным мынау.

Сырқаттанып ауруханада жатқанда жаныңыздың қиналғанын көріп, жұбатпақ боп, данышпансып:

“Шыда, шыда, шыдай түс,

Шыда тағы, шыдамдыны мына өмір ұнадаты”

дегенімде, “Ееее, балам, бұл өмірде не көрмедік, шыдаймыз ғой”, – деген едіңіз. Енді… Сары сағыныш шыдатар емес. Амал бар ма тағдырдың тартуына.  Сізден көз жазғалы сары сағыныштың не екенін түсіндім. Сағынышым шыдатпағанда Жаратқаннан тым болмаса түсімде көрейінші деп тілеймін. Әттең, табиғатымнан түске сараң едім.

Ертең тағы да ауылға жол тартып барам. Бүгінде сол ауыл – баяғы ауыл. Бәрі бар. Тапша бар, дарбыз да бар, бірақ кесіп беретін… Қора бар, қи да бар, бірақ, тезек жайғызатын… Балапан да бар, бірақ санататын… Сиыр бар, бірақ саудыратын Сіз жоқсыз, АТАШЫМ. “Орны толмас қайғы” деген сөздердің астарын енді ұғынғандаймын.

Мектепті қызылға бітірмесем де, жылда гратома алып, өзіңізге көрсетіп қуантатынмын. Апама бәрібір. Алдында аман жүрсек болғаны. Оқуға түскенде де: “Оқы, қызым. Оқысаң, адам боласың”  деген сөзіңіз демеу болған. Әрбір сессиямды жапқан сайын ауылға шауып кететінмін. Бәрін беске тапсырғанымды көріп марқайып қалатынсыз. Ойлап қарасам, Сіздің үмітіңізді ақтау үшін, көңіліңіз үшін жақсы оқып, тырысқан сияқтымын. Әйтпесе, қызыл дипломның маған бақ әперері шамалы ғой. “Айым, осы қызды құтты орнына қондыру ендігі парызымыз”  деп отырушы едіңіз. Алла жазбапты. Ажалдың құрығына ілінбегенде қаңтарды 13-шы жұлдызында 77-ге толар едіңіз. Әттең… Амал бар тағдырдың тартуына. Тіршілік әлемінде бәрі де ұмытылады екен, өмір ағысының әміріне төселеді екенсің. Бірақ, өзіңізге деген сағыныш қалады екен-ау, аташым! Жан атам менің, жатқан жерің жайлы, топырағың торқа болғай! Аллам жәннатты нәсіп етсін! Әмин.

10.12.2008ж.

P/S: тақырып Роза Әлқожаның өлеңінен ұрланған тоис алынған


Roza AlkoJa -Atashym.mp3

5 thoughts on “Өзіңді есіме алсам нұрланамын

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s