Шайтан базар немесе катализатор

Алдымыздағы сенбі күні шайтан базар немесе катализатор деп аталатын базарға жолым түсті. Развилка жақтағы мал базарының жанында орналасқан. Мәссаған, әлгі базарда журналист Қанат Әбілқайыр («Ана тілі» газетінде көлемді мақаласы шығып еді) айтқандай «Адам жанынан басқасының барлығы табылады» деген рас екен. Әлгі сэканд хэндтің қазақша нұсқасы және базар түрінде екен. Неге екенін білмей көргім кеп құмартып жүрдім. Шаңсорғыш, микроволновка, вафельница, еттартқыш, шәугімдер, ыдыс-аяқ, киім, кітап, тіпті тот басқан темір терсектерге (болт, гайка, шеге) дейін табуға болады. Ас үйі гарнитурасы, дивандар, төсектер тағысын тағы. Бір қызығы, жуылған ыдыстар қымбатырақ бағаланады, жуылмаған ыдысқа қарағанда.
Өзімді қызықтырған қол тігін машинасын қарадым. 6 500 ден 17 000 аралығында екен. Неше түрлі антиквариаттарды осы жерден табуға болады. Бір тұстан түрлі елдердің тиындарын, төсбелгілерді көрдім. Бір төсбелгіні сұрасам 4 000 теңге дейді. Сөйлесе келіп менде де төсбелгілердің барын айтып ем, сатып алатын болды. Негізі кітап көрем бе деп барғам, бірақ қазақ тілді кітап таппадым.
Бір тұстан өте бергенімде совет заманынан қалған телефонға саудаласып тұрғанын байқадым.
– Қаншадан телефон?
– 150 теңге
– 100 теңгеге берсеңш
– Қой, алсаң ал, алмасаң қой. Дұрыс істеп тұрған телефонды 100 теңгеге сат дегені несі…

P.S.Айтпақшы осы базардан Қалдыбай ағамыздың (Әбенов) 1986 жылы Алматыда болған желтоқсан оқиғасына қатысқан қайсар қазақ жастарына арналған «Аллажар» фильмін сатып алдым.

7 thoughts on “Шайтан базар немесе катализатор

  1. ИИИӘӘӘ)))) Ол базар Талғар жолының бойында орналасқан))) Кейде пәтерлерін ауыстырып жатқандар жеке кітап ханаларын осы базарға әкеліп тиынға сатып кетеді…

    • Ертеректе Развилка жақта болатын, қазір көшіп кеткен де шығар. Пожарка жақта, Жәрмеңке базар бар, сонда да заттар сатылады деп естіп едім

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s