Болашақ бойжеткендермен сырласу. Ақұштап Бақтыгереева

Іштеріңнен шығады жаңа дарын,

Бізден биік болады саналарың.

Бізден бөлек болады ғасырың да,

Бізден бөлек болады модаларың.

Соғыс салған жараны көрмейсіңдер,

Жоқтық, аштық дегенге көнбейсіңдер.

Біздің ұрпақ әкесін жау өлтірген

Деген, сірә, «ертекке» сенбейсіңдер.

Бізден басқа ырғақта ән айтасыңдар,

Басқаша әуен аспабын тартасыңдар.

Біздер тамақ пісірген қазандарды

Тамашалап музейден қайтасыңдар.

Бірақ, бірақ…

Өзгертпес гүл өскенін,

Тоқтатпайды тіршілік күрестерін.

Адамзаттың ұрпағын тәрбиелеу

Бар ғасырдан алатын үлестерің.

Бәлкім, бізден еркіндеу өсесіңдер,

(Бізге жұмбақ, не киіп, не ішесіңдер).

Қуанышын, қайғысын махаббаттың

Дәл біздерше сендер де кешесіңдер.

Мейлің, түрлі түспенен қасты боя,

Алуан тілде айтылар жастық Ода.

Білетінім: Отанын, Халқын сүю,

Болу қажет қашан да басты мода!

6 thoughts on “Болашақ бойжеткендермен сырласу. Ақұштап Бақтыгереева

  1. Күшті екен! Маған бұл кісінің “Болмау керек сүюдің жолы жаңа, Қыз үлесі қашанда болу ана. Жаным дегн жігітті жек көрмеңдер, Өзі сүю қыздардың соры ғана” деген өлең жолдары ұнайды. Қыздарики, сіздер қалй ойлайсыздар, өзі сүю қыздардың соры ма?

  2. Іштеріңнен шығады жаңа дарын,

    Бізден биік болады саналарың.

    Бізден бөлек болады ғасырың да,

    Бізден бөлек болады модаларың….

    дұрыс , дәл осылай болатыны анық, жақсы жызылған…

  3. “…Қыз баланың жігітке “Сүйем” деуі
    Жараспайды ғасырдың біріне де…” деген өлең жолдары есімде қалыпты. шамасы, бұл өлең де осы кісінікі.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s