Атың шықпаса… Ерекше ат қой

Ат қою болғанда, жазған мақалаңның (кітабыңның) тақырыбы я болмаса дүние есігін ашқан сәбиге еншіленетін есім туралы емес, менің айтпағым.

Қоғамдық көлікте, алысқа жол жүргенде көзім ерекше нәрселерді шалса, ұялы телефонның черновигіне сақтайтын әдетім бар. Кеше кешкісін ақтарып отырып, біраз дүниелерге көзім түсті. Назарларыңызға ұсынып көрейін, бәлкім қызық болар.

Осы Алматыдағы Шемякин көшесінің бойында «Вдали от жен» деген кафе бар. Шамасы, әйелдерінен мезі болған еркектер баратын жер болса керек (атауына қарап айтқаным ғой). Қанша жанынан өткенмен, ішіне кіруге сәті түспеді.

Тимирязевтің бойында Марков пен Шашкин көшелерінің қақ ортасында «Ë маë» атты кафе бар. «Поле Чудес» кешені (Яссауидің бойында), «Мастер и Маргарита» дүкені (Тұрғыт Озал мен Сәтпаев көшерелінің қиылысында), «Киш-миш» кафесі (10 мкр.), «Қорқыт ата» кафесі (Арбатта), «Ласково запрошуемо» кафесі (Желтоқсан көшесінде), «НЛО», «Я жду тебя» (Жандосов көшесінің бойында), «Театральное кафе» (Жамбылдың бойында), «Чукотка» (Гогольдің бойында), «Кишлак» (Сейфуллиннің бойында), «Закуски Охотника» (Асқаровтың бойында) мейрамханалары – электронды анықтамалықтан тапқандарым. Грэсс жақта «Ана тілі» деген дүкен (шатыстырмасам) барын көргем. Жоғарыдағы атауларға қарағанда «Тимучин», «Москва», «Ресей», «Алма-Ата», «Астана», «Талдықорған» (бұрынғы «Тараз») сынды атаулар еленбей қалады екен.

Былтырғы жаз Түркістан жақты аралап қайтып ем. Сонда да біраз есімдерді тізбелеп жазыптым телефоныма. «Қожа» мейрамханасы, «Сиқым» тойханасы. Қызық екен. Қайсыбір кезде Алматыда «Албан» жиһаз дүкенін көріп ем. Оған қоса «Албан» ақша айырбастау пункті бар емес пе Тимирязевтің бойында. Бүгін кафе, тойхана, шәйхана аттары болса, ертең «Арғын» супермаркеті, «Адай» гипермаркеті, «Найман» ойын-сауық орталықтары ашылып жатса еш таңқалудың реті болмайтын сияқты ғой.

«Қали ата», «Неманат ата», «Тосқара ата» кафелері, «Кеңбаба» саябағы, «Рақыт әже» дүкені, «Әбдіқадыр ата» шәйханасы, «Шамұрат ата» тіс емханасы, «Алихан ата» дүкені, «Юлдаш ата» шайханасы деп кете береді. «Рамстор», «Силк вэй сити», «Мега центр», «Ассорти», «Пицца хат» деген атауларға көзім үйренген маған таңырқаудан басқа не қалды дейсіз.

Сонда бүгінде қазақ ата-әжелеріне дүкен, тойхана, шәйханадан ескерткіш салатын болған ба? Әлде, ата-баба әруағы қолдап жүрсін деген пиғыл бар ма екен а? Сауалым жауапсыз. Бәлкім сіз білерсіз.

4 thoughts on “Атың шықпаса… Ерекше ат қой

  1. Astanada dukenge at koisa balasynyn ne kyzynyn, ne bolmasa barinin atynan bir at jasap koiyp jatady. Mysaly, Almas pen Aslan degen agai Alas firmasyn kurgan🙂
    Ol jakta (0ntustikti aitam) ulkenge kurmet degen zor goi, sol sebep osyndai at koyp, syilastyk bildirgeni wygar au. musaly Alihan ata degen dukennen korykpai zat alar em🙂 endi bireu jamandasa dukenin Alihan ata jaman deidi goi, onda barmandar dep. Uiat sekildi :)))

  2. Бір ретте “Qwerty” деген интернет-кафе көріп едім. Абайдың бойынан ғой деймін. Қарап тұрсақ клавиатураның басындағы 6 әріп қой. Мен бірден біліп, оригиналдылығына тәнті болдым.🙂

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s