Кәсібі оның – ұрлық

Осы тақырыпты қозғау ойымда болмаған-етін. Оған түрткі болған мен естіген екі әңгіме.

Бірі:

Студент оқудан үйіне /жатақхаға болуы да мүмкін/ автобуста қайтып келе жатып соңғы тиынынан қағылған. Ақша көп болмаған соң, майда тиынын күртешесінің қалтасына сала салады. Көлік іші лық, адам көп. Бір мезетте қасында тұрған ер адамның қолы қалтасын шарлап кеткенін байқайды. Студенттің соңғы тиынын қағып алмақшы болса, ұрыда ұят қайдан болсын. Соны ұққан студент: «Ағай, проезге 25 теңге қалдырыңызшы»,- депті. Содан «ағайы»  жарылқап, 25 теңге қалдырып, қалған тиынын сыпырып алыпты. Басында анекдот естігендей күлдік. Жетіскен екенбіз…

Екіншісі:

Ол қыз маған тым жақын жан. Жеке өміріне қатысты көп сұрақ қоя бермейтінмін, әдетім жоқ. Жүрген жігітінің бар екенін, өзінен оншақты жас үлкен екенін ғана білетінмін. Бір күні ағынан жарылып барлығын жайып салды. Ол жігіт ертеректе ұрлығы үшін істі болған екен. Оны қойшы, жастық шақпен болған шығар дедім, шалыс баспайтын адам жоқ қой. Сөйтсем, ол сабазымыз жастық шақтың кәсібін тастамаған, ел арасына оралған соң да ұрлығын жалғастырған. Кәсібі әйелі мен баласынан ажыратқан. Автобекет, базар жағалайды, одан қалса бай-бағланның үйіне түсетін көрінеді. Кәсібінің қыр-сырын жетік меңгерген. Тіпті 1-2 тәсілін көрсетіпті де. Айтқанын тыңдап отырып, таң қаласың, кәдімгідей өнер сияқты. Әркімнің қолынан келе бермейтін іс екенін мойындайсың. Жастайынан жетім қалған, содан ұсақ ұрлық жасап жүріп, сол істің шеберімен кезіккен. Өмірінде белі бүгіліп жүк көтермеген де, аязда тұрып сауда жасамаған да, нан табу үшін бір жаны қиналмаған. Қолы нәзік, көзде көзілдірік, сықиып киініп алған адамды бір қарағанда ұры деп айту тұрмақ ойлаудың өзі қиын. Қызға шындап көңілі түскенге ұқсайды, бірақ бақытты бола алмайтынын, қыздың туыстары қабылдамайтынын түсінгенмен кәсібін тәрк еткісі жоқ. Ең өкініштісі, өткен өміріне өкініп, кәсібім дұрыс емес-ау, қанша жанға қиянатым тиді-ау деп ойламайтындығы. Алланың қаһары, адамның қарғысы мен көз жасынан қорықпаған адамнан шындап қорқу керек екен.

Кеңес үкіметі кезінде ұрылар арасында зейнеткерлерге, аяғы ауыр әйелдерге, оқушы, студенттерге тиіспеу деген жазылмаған заң болған. Бүгінде оның жұрнағы да қалмағанға ұқсайды. Құранда да «Халықтың жеке мүлкіне қол сұғып табыс табу жолы харам» делінген. Ислам елдерінде ұрлықты болдырмау мақсатында ұрының қолын кесу бар. Жазаның осы түрлері Қазақстанда да қолданылса ғой, шіркін. Қоғам тазарар ма еді…

8 thoughts on “Кәсібі оның – ұрлық

  1. Ұрланып кеткен портмонемді әлі ойлап жүрм. Ең болмаса хатымды қайтаратын шығар деген үмітім ғой…

    • Менің де студент кезде портмонемді ұрлатқаным бар. Ішінде сонда 500-ақ теңге. Портмонемді де ауыстырғалы жүргем. Бірақ сол күні жаман болдым. Алған жігіт – қазақ жігіті. Қазақтың осындай әрекетке барғандығына күйіп кеттім.

  2. Бірінші оқиғадағы «кәсіби» ұрлықшы емес шығар 🙂

    Бір рет ұрлықшы лық толы автобустан шығып бара жатып, тура есіктің алдында тұрған қыздың сумкасынан лып еткізіп пормонесін ап алған, содан қыз(молодец) сумкасын тексере қалады сол кезде, ал ана кісі алысқа кетіп үлгермейді. «Әкел, сен алған! Қайтар!» деп сол жерде әлгі кісіден тартып алды партмонесін. Ал, керек болса 🙂

    Тағы бір рет, екі ағай төбелесіп қалған. Ұрлаған кісіні быт шытын шығартпай ажыратып алды. Содан оны автобус болып обсуждать еткенбіз.

    Сақ болайық 🙂

  3. Менде ұрлатқам портмане деген жарықтықты. Бірақ алған адам ақылды екен. Ақшасын алып, жатақханадағы аяқ киім қоятын жерге қойып кетіпті.

Leave a reply to 12aikon1986 Жауап беруден бас тарту