“Әлемнің жарығынан” айырылған қыздар

Анам екеуміз Талғар жақта тұратын әпкеміздің үйіне қарай бет алдық. Саяхаттан бір маршрутқа мініп, артқы жағына қарай жайғастық. Бізге қарама-қарсы 30-дар шамасындағы әйел адам, қасында 2-лер шамасындағы ұл бала мен 2 қыз баласы отыр екен. Бірі 1-сыныпта оқиды-ау, екіншісі 4-5-сыныпта оқиды деп болжамдадым. Бастапқыда аса мән бермедім. Анаммен әңгімелесіп отырған болатынмын. Бір қарасам әлгі қыздың ересектеуі ағыл-тегіл болып жылап отырғанын көріп абдырап қалдым. Бір жері ауырып тұрған болар деп қасындағы апайына айтып едік, жуатқан болды да интернаттан үйіне әкеле жатқанын, әпкесінің қыздары екенін, жақында аналарының қайтқанын айтты. Кішісінің көзі мөлдіреп әпкесіне қайта-қайта қарап қояды. Әлі кішірек, мән-жайды аса түсіне қоймағанға ұқсайды. Ал үлкені бізге қарап анасы есіне түсіп кетсе керек, біз маршруттан түскенше жылауын тоқтатпады. Анам екеуміз жасымызды іштен жұтып отырдық. Бірдеңе деп айтудың өзі жөнсіз сияқты. Ананың орны қашанда бөлек қой. Бұл қыздардың балалық шақпен ерте қоштасқандығы үшін, қиыншылық пен мүсіркеу, түрлі өмірлік тосқауылдарға тап болатындығы үшін, ананың мейірімі мен жылы алақанын енді сезбейтіндігі үшін, жетім деген ярлыктың таңылғаны үшін, мәңгілік сағынышпен достасқаны үшін, көздің жасы ұзаққа дейін құрғамайтыны үшін аяп кеттім. Әрине менің аянышым оларға бір тиынға да керек емес. Қосыла кетіп бірге жылағым келді. Солай ғана көмектесе алатын сияқты болдым…

2-3 күн әлгі қыз көз алдымнан кетпеді. Аяныш. Мейірім. Қорқыныш. Сезімдер араласып кетті. «Адам емес, Алла аясын» деп жатады ғой. Қазақтың қарадомалақ қыздарын бір Аллаға аманаттаудан басқа амал қанша біздің тараптан.

Өмір-ай десеңші…

3 thoughts on ““Әлемнің жарығынан” айырылған қыздар

  1. Боталар-ай!!!… Әр ісі, әр сөзін сағынады ғой. Құшағын сағынады ғой анасының! Ешкімге ұқамайтын мейірім иісін, мейірімді иісін!!! Ешкім ренжітпесе ғой оларды…. Аналары қабыр азабын тартпаса екен, Жұмақтық болса екен!!!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s