Кеңес үкіметінен қалған жәдігерлер

Мен үшін, сіз үшін, ол үшін еш мәні мен маңызы жоқ мына дүниелер өз кезінде құнды да болған шығар. Ескі заттар арасынан табылған “жәдігерлер” жайында сөз қозғағым келді. Бала кезде бұл төсбелгілерге ойыншық деп қараппын. Кеше мұқият қарап шықсам, әрқайсысы белгілі бір оқиғаға яки қаламен байланыстырылып шығарылған. Суреттегі алғашқылары 80-жылдағы Олимпиада ойындарына орай пайда болған. 3-қатардағы 5-ші төсбелгіде Қарағанды қаласы бейнеленген. Одан өзге Маркс, Шевченко, Ленин сынды сол заманның ғұламаларының бейнесін көруге болады.

Қызықтап ғаламтордан іздеп көріп едім. Осы сынды төсбелгілерді кәдімгідей бизнеске айналдырып алғандар бар екен. Мәселен, Шевченко бейнеленген төсбелгі біздің ақшаға шаққанда 2 575 теңге, Олимпиада ойындарына қатысты шығарылған төсбелгілер 2 060 – 3 605 теңге аралығында, Ленин атамның бейнесі (арзандау енді) 257 теңгеге бағаланыпты. Барымды сатсам азды-көпті байып қалады екенмін ә:-)

P/S: астыңғы жақтағы 2 төсбелгі бүгінгі күннің жемісі, бірі Халық банкінің 80 жылдығына орай үлестірілген, екіншісі, мектеп оқушысының төсбелгісі.

2 thoughts on “Кеңес үкіметінен қалған жәдігерлер

  1. Осындай жәдігерлерді қарттардан тонап алып, 400-500 теңгеге ғана өткізетін бұзақылар туралы көп айтылады ғой қазір жаңалықтарда. Соларға ашуым келеді. Соғыс ардагерлері сол медаль, орденді алғанда, қалай қуанды, ә?! Көзінің қарашығындай сақтайтын сол құндылықтарын әбден қартайған кездерінде өз ұрпақтары жоқ қыла салады, тіпті өздеріне де қауіп төндіреді! Бұл тек масқаралық қана!

    ПыСы: Тараз қызы, соларды сатып, театрға барайық, ә? ;)))

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s