Байқауға қатысу

Басқаны қайдам өз басым байқау десе елең ете қалатыным бар. Көп жағдайда елең еткенмен, бақ сынап қатыса бермеймін. Жолым болғыш деп айта алмаймын, сондықтан да үміттенбейтінмін де. Алайда былтырғы жазда қатысып көргім келді. Маккофенің байқауы, естіген де боларсыз. Әлгі кофе мен шәйдің қаптамаларын жинап, ішіндегі штрих-кодты жіберу керек СМС–пен. Жүлделі қорда  Тойота Королла, ноутбук, ұялы телефон, тағысын тағы кете береді. “Құласаң нардан құла” демекші, майда-шүйдеге алаңдамай темір тұлпарды бірақ көздедім. Сол аралықта тіпті өз мәшинем болса жол ережесін бұзбайтын едім сынды сөз беріп те үлгердім өзіме. Арман-ай десеңші! Содан не керек, сол күндері оптовкаға жол түсіп бірден екі пачкасын алдым. Жұмыста маккофе, үйде макти. Бітпей қойған соң бәрін ашып бір ыдысқа салдым да бір кеште отырып алып СМС жібердім. Бас аяғы 80 қаптама, 80 СМС. Мәзбін. Құдды бір темір тұлпар есік алдында тұрғандай. Сенбейін десем сыныптасым техника дүкенінен Дэу Матиз, анамның құрбысы Совереннен Форд Фокус жеңіп алғанын білем ғой. Алыстан үміт оты жылтылдайды. Арасында күмәнданып та қоям. Сонымен не керек, арман арман боп қалды. Мен енді ондай байқауларға қатыспайтындай болдым.

P/S: Мәмпәси көрсетсе қызыға кететін аңғал қазақпыз ғой (деп ақталсам бола ма?)

14 thoughts on “Байқауға қатысу

  1. қызық))) меносындай жарнамалық трюктерге сенбейм)))
    Бірақ, анау мынау байқау болса, кейде жеңіп қалам. Мысалы интеллектуалды бағдарлама болса. Ал бір ретте 8 сынып оқып жүргенімде Аграрлық универге оқуға жарты жылдық грантын жеңіп алғам (қолымызда купон бар болатын, сол купонды ойнатты, барабаннан сандарды алып шықты), бірақ сол күні залдағы бір талапкерге сыйлай салғам. Мен ол кезде баламын ғой)))

  2. Сәттілік жағынан айтқанда, бала кезімізде “Кітап” дүкенінен сатып алып ойнайтын лотореялар, бір-екі рет “Бинго” алып көргенім болмаса, мынадай,сен айтқан байқау түрлеріне қатысып көрмеппін. Бірақ, бірде құрбым “Пиаланың” қорабын жинап, шәй кеселер алғанын көргенмін. Негізі, өнімді өткізу үшін жасалатын жарнамалық жайттар ғой.
    Ал жалпы айтарым, бірде болмаса бірде үміт жеңіп кететін кездер болады,қатыса беру керек,тым болмаса, қызық үшін…:)

  3. Бірде, бір құмырадан “ланд крузер” джип ұттыңыз деп шықты. Бытшыт мәзбіз. Ел сияқты джип мінетін болдық деп. Ертесінде тағы бір құмырадан тағы сондай джип шықты. МММММәәәәәәәә! Екі машина!-дедік. Сөйтіп, жазылған телефонға хабарласақ құттықтап, арқа-жарқа жуасыздар енді,- дейді. Үй ішімізбен жетіп барсақ, біз сияқты машина ұтқан жарты млн адам бар екен. ((( Енді сол адамдар арасында ойнатамыз дейді. Ашуланып кетіп қалдық.

    • 🙂. Есіме түсіп отыр, осыдан 2-3 жыл бұрын қалта телефоныма СМС келді, мәшине ұттыңыз деп. Ести сала құжаттарымды жинап, (кешкісін болатын) анама жұмысқа телефон соғып, мәшине алуға кетіп барам деген жерімнен, есімді жиғызып, қайтарып алған:-)

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s