“Бұрыннан қалған әдет…”

Бүгін қатты шаршадым, білем. Жұмыстан шыққан бойда такси ұстауды жөн көрдім. Келіскен таксиімнің әдеттегідей арт жағына жайғастым. Бір уақытта шопыр ағайдың ұялы телефоны шырылдап қоя бергені.

Алло, иә. Комсомольскийдамын. Кәзір Ақсайға бара жатырмын. Жерлестер мен Ақсай жігіттері арасында разборка боп жатыр екен. Соны барып шешу керек. Босаған соң өзім хабарласам ғой.

Құлақ түріп отырмасам да, еріксіз естідім. Сосын: «Разборкаға бара жатырмын деңіз», – дедім қызыға, не айтар екен деп.

Иә.

Жоғарыдағы әңгімені қайта баяндады.

Жерлестеріңіз кім сонда? – деп сұрағанмен, іштей неге екенін білмеймін: «Оңтүстікі шығар. Иә, сол жақ қой», деп болжамдап та үлгердім.

Жамбыл облысының жігіттері ғой.

Еееее, жерлес екенбіз ендеше.

Жерлес дегенге ме, білмедім, ағам ағынан ақтарылды.

А, барып жігіттерді таныстырып, табыстырып келмесем. Әйтпесе, бір-бірінің басын жарып, пышақтап үлгеріпті.

Сонда не бөлісе алмапты? Аз ғана қазақтың бір-бірін қырғаны қалай?

Бөлісе алмағанда не ғой… Бильярдтан шыққан ғой әңгіме. Ондағы (Ақсайдағы) бильярдтқа біз крышовать етеміз да просто.

Қалай сонда?

Иә, қала бойынша бірнеше заведениелер бар, кафе, бильярд, сауна дегендей… Солардан ақша жинап тұрамыз. Бір бильярдтың өзінен ай сайын 50 мың.

Сасқанымнан: «Ондай әлі бар ма?» – деппін.

Сол енді бұрыннан қалған әдет қой…

Үнсіз отырып естіген ақпаратты қорытып жеттім үйге. Иә, бұрыннан қалған әдет екен ғой…

5 thoughts on ““Бұрыннан қалған әдет…”

  1. ол мақтаншақ таксист сондай мықты екен, неге таксовать етіп жур екен? сұрамадың ба….
    ол мақтаншақ болғанының үстіне тағы өтірік те айтады екен, қайыршы…..

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s