Телефон емес

 

Жүйрігі-ай мына зулаған жүрдек күндердің,

Құшағы қандай мұңлы еді дүрмек түндердің.

Сағыныш толы зарыққан жүрегімменен,

Аңсаймын сені көргім кеп,

Құрметтім менің.

Шіркін-ай мендік сезімді сезінер ме едің,

Әдеттегідей күлімдеп кезігер ме едің.

Даусыңды естіп, халіңді білуім үшін,

Телефон соққым келеді өзіңе менің.

Жұбаныш қылам айтшы өзің көңілге кімді,

Сағынбай қалай тұра алам өмірдегімді.

Ауыртып алмай аялай теремін сосын,

Көрші қызыңнан ұрлаған нөмірлеріңді.

Тыныштық тілеп сол сәтте тағы да маңай,

Көңіл құс ұшар өзінің бағына қарай.

Талықсып ұшқан гудоктар созылып әрең,

Телефоныңды шыңғыртты жанын алардай.

– Алло, – деп тағы сол дауыс төгіліп шығар,

Үнсізбін тағы, бұған да өмірің шыдар.

Шырылдап жатқан жаны жоқ телефон емес,

Байқасаң, ботам, ол менің көңілім шығар.

Бейбіт Сарыбай

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s