Жыл қорытындысы

Қорытынды-2009

Жылдың цитатасы:

«No wife, no life» – «Кто не женат, тот жизни не рад» – «әйелсіз өмір, жанбай қалған көмір»🙂

– Есіктен кірген басыңның алатын орны төр болар,

Бесіктен шыққан басыңның баратын жері көр болар (Қ.Сарин)
Жылдың үздік сайты:

Жылдың ең үздік танысуы: Өмірдің кездесу мен қоштасудан тұратынын ескерсек, танысқандар көп болды, бірақ көңілімде, өмірімде түрақтап қалғандар тым аз. Ең үздік танысудың объектісі құпия боп қалсын

Жылдың үздік тағамы: алмадан жасалған пирог (осы жылға үйренгенім)

Жылдың үздік сусыны: Nexttea (шабдалы дәмімен) мен Тандем

Жылдың үздік әсері:

Үздік кеш:

Осы жылда ашылған қызығушылық: бисермен фенечки жасауды қайта қолға алдым + крестикпен тігуді үйреніп жүрмін, жалпы hand-made қызықтырып жүр

Орындалмаған арман: студенттік күндерге байланысты естелік па әлде шимайларымызды жинап па бір кітапсымақ шығару және т.б.

Орындалған арман: Мен оны көөөп күттім, күтуге тиіс та едім…

Жылдың ең үздік орны: «ҚазҰУ қалашығы – көзімнің қарашығы» (Қ.Бегманов), жалпы Алматы шаһары

Рухани өзіндік жаңалық: осы блогты ашқаным болар

Үздік әнші: Мейрамбек, Қарақат

Үздік ән: Қарақаттың орындауындағы «Ризамын саған», Мейрамбектің термелер жинағы

Үздік фильм: «Біржан сал», «Аватар», «Миллионер из трущеб»

Үздік актер/(актриса): Бекжан Тұрыс, Айгүл Иманбаева

Үздік кітап: «PR на 100%», Құралай Омардың жинағы

Ең керемет күн: достармен бас қосқан күндер

Жылдың әділетсіздігі: Әділетсіздікті күнде көреміз деп етіміз әбден үйреніп кеткен-ау. Дәл қазір біреуін түстеп айта қалу қиын боп тұрғаны.

Ең керемет адам: Анам, апам

Жылдың сыйлығы: Анам туған күніме дәәәәәәәәу аю сыйлағаны, сосын досымның Брюссельден күшік ойыншық әкелгені еске түсіп отқаны.

Керемет жаңалық: Курстас достардың бір басы екеуленіп, аяқтары тұсауланып:-), бірінен соң бірі тойға шақырғандары

10 thoughts on “Жыл қорытындысы

  1. Блог-сырласу мекенінен, жахандық мекенге айнала қалғаны:)))
    Бірінші рет кіріп тұрмын ба деймін қателеспесем осы блогт бөлмеңе…
    Студенттік шытпақтарың қызық екен.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s