Үшбу хат

Атасы жақсы қандай-ды,

Асқар бір зәулім таудай-ды.

Анасы жақсы қандай-ды,

Арайлап атқан таңдай-ды.

Базар жырау

Өмір деген қызық екен-ау. Қанша адам болса, сонша тағдыр бар. Бір-біріне ұқсамайды. Сол сияқты менің де өрнектелген өмірім, тағдырым бар. Құдай өз жұртымды көруге жазбапты. Мейлі. Менде одан да қымбатты нағашы жұртым бар. Тәубә! Жүрген жерімде: «Мен нағашы жұртқа сіңген қызбын»,- деймін. «Жақсы болса, нағашыларынан» демеуші ма еді? Ендеше, менің бойымдағы жақсы қасиеттер бар болған болса, ол қасиет нағашы жұртымнан дарыды деп білем.

Ес білгелі мені тұмсықтыға шоқтырмай, қанаттыға қақтырмай, әлпештеп, аялап, мына өмір тұтқасын нық ұстап тұруыма себепкер мына өздеріңсіздер – Ата,Апа!

Әлі есімде 1-сыныпқа барғаным. Ең әдемі бантик менің бұрымымда, ең әдемі гүл шоғыры менің қолымда еді. Мұның бәрі сіздің арқаңыз еді, апашым! Түшкірсем болды, дәрісі мен майын ала жүгіретін, мәшинеге салып ала зуылдайтын асыл жандарым!

Әттең, лекция, СРСП, семинар болмаса, баяғыда-ақ, шауып барар едім өздеріңізге. Сабағы бізден қымбат боп па демеңіздер. Әсте олай емес. Атамның алдында жақсы оқимын деген уәдем бар еді…

Алыста жүріп дауыстарыңыздысағынам. Сіздердің жандарыңызда болсам болғаны, бар проблемаларды ұмытам. Бұл менің ең бір бақытты шақтарым деп білем. Себебі, жанымда аялы алақанды апам, асқар тіректі атам бар. Өмірде атамдай Төлеген тапсам, өзім апамдай салиқалы Жібек болсам арман не?!

Сөзімді тым арыдан бастадым-ау деймін. Себебі, өмірде бұл сөздерді өздеріңізге айта алмас едім.

Ал менің сіздерге тілегімді Абайша айтқанда көзбен көріп, ішпен сезсеңіздер болады. Бақыт дейін. Алайда бақыт құсы әлдеқашан бастарыңызға қонған. Өмірде жақсы да жарқын естеліктер дейін. Ол да баршылық. Дос-жаран. Бар. Ұрпақтарыңыз көп болсын десем ше? Сөйтсем, оған бай жандар екенсіздер.

Дендеріңіз сау, жандарыңыз тыныш болсын!Сіздер әлі бізге (әсіресе маған) керексіздер. Ендеше тілегім:

Көздеріңіз күлісті,

Мұрындарыңыз тынысты,

Аяқтарыңыз жүрісті,

Бар жақсылық сіздерге жұғысты болсын!

Беттеріңізден сүйген

Алматыдағы қыздарыңыз.

7.10.06

5:50

2 thoughts on “Үшбу хат

  1. осы хатымды жинаған қағаздарымның арасынан тауып алдым жақында. Балалықпен жазылған деп білерсіздер (датасын қарасаңыздар, жас кездегі саусақпен жазылғандығы көрініп тұр).

  2. 🙂 Мен де өзіңде апам мен атамның қызымын. Ерке болған соң барлығынан әркез өзіңе сондай қарым-қатынасты қалап тұратын сияқтысың. Біреу кері сөйлеп қалса, көңіліңе тиіп, көзің боталап тұрады. Мен кейде ойлайм, мүмкін дәл сол еркеліктен бе деп…

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s