Біздер де студент болғанбыз…

«Бала шақтан  болашаққа!» деп ұрандап, бір сабақтан лекциямен қатар конспект, лаборатория дәптерлерін арнап,  дайындықсыз сабаққа кіру деген атымен болмайды, сабақтан қалу дегенді тіпті айтпаңыз. Біз оқуға түскен жылы әлгі кредиттік жүйеге тап болдық. Тәп-тәуір балл жинап тұрсақ та, оқытушыдан қиылып тұрып тағы балл сұрайсын кеп. Ол дегеніміз – алдын ала староховка жасағанымыз, емтиханда қалай боларын кім білсін. Қыздар ұлдардан гөрі оқу десе «ішкен асын жерге қоятын». Оқу деп жүріп аса көп бешірлетпептік те, студенттер күнін де соңғы жылы ғана атап өттік. Универ оның ішіндегі читалка (оқу залы ғой, студенттер арасында осылай аталып кеткен), буфеттің орны ерекше. Кей студенттің сабаққа кірмей, читалкада газет оқып отырғанын, я болмаса сабаққа бас сұқпаса да, буфетке шәй (кофе, компот) ішу үшін келгендерді талай көргеніміз бар. Кейде есіктің ар жағында тұрып : «Шықсай сабақтан, шәй ішейік те»,- деп өзіңді біртүрлі «кінәлі» етіп қоятынын қайтерсің.

Жақында кітап, дәптерлерімді ақтарып отырып, бір дәптерімнің арт жағына филфактың оқытушысы Өмірхан Әбдимановтың аузынан шыққан мынадай сөздерін тізіп жазып алыптым:

  • Не деп өтірік айтып тұр едім (сөзін біреу бөліп жібергенде я біреу кіріп қалғанда);
  • Армян, грузин, қырғыз, қазақ, ит, шошқа деген сияқты (мысал келтіргені);
  • 8 тіл білуші еді иттің баласы-ай (МГУ-дағы журфактың деканы Засурский туралы);
  • Абайдың жүрегінде инедей таза болмаса, біздің жүрегіміз батпақ қой;
  • Абай не деп оттаған екен деп қарашы (Абайды оқы дегені);
  • Сендердің балдыр-батпақтарыңды оқыдым (Мағжан туралы жазба жұмысын жазған болатынбыз);
  • Ұлы адамдар ұмытшақ келеді (айтқан сөзін ұмытып қалғанда);
  • Жақсы ауызды жаман сағызбен былғамасайшы. Біреулерге де ол керек;
  • әлгі Петраркаңа айт, сессия жақындап қалды, мазалама деп (сабаққа көп қатыса бермейтін Лаураға).

Сосын кейбір дәптерлердің ортасынан курстастардың ерігіп отырып жазған хаттары, арнаулары, өлеңдері, «деп қалғандарын» кезіктіруге болады.

Автомат туралы жыр
(немесе амалы таусылған жалқау студенттің зары)

Апарар үйге сен бе едің кәусар бұлағым?
Өзіңді талай мұғалімдерден сұрадым.
Ала аламай сені шерменде болып, өкініп,
Амалым қанша, еңіреп талай жыладым.
Еңіреп талай жыладым.

Ессіздігімді етегім келмей қымтауға,
Түк сабақ айтпай ұқсап барамын мылқауға.
Бес бал жетпеген қарусыздығым болмаса,
Елу балға да, елу балға да мың тәубә!

Боларсың, апай, әнімді менің естіген,
Алдыңда сенің тұтығып талай өштім мен.
Кешігіп, ұйықтап, жауабын таппай сауалдың
Амалым қанша, жалқаудың күнін кештім мен,
Жалқаудың күнін кештім мен.

Есіркей көрме, мүсіркей көрме, өтінем!
Автомат қойсаң, жетім қозыдай жетілем.

Бұл Мұрат Есжан поэзиясындағы автомат образы:-)))

Студент анықтамалығы (топтасымның қаламынан туындаған анықтамалық):
Университет – “Өмір мектебі”
Студенттік шақ – “Дүние-думан”
ҚазҰУ қалашығы –  “Ормандағы қыстау”
Студент пен профессор – “Бөдене таланттар мен Қажымұқандар”
Оқу семестрі – “Біздің жақта қыс ұзақ”
Стипендия – “Кешікпей келем деп ең…”
Абитуриент –  “Тақиялы періште”
1-курс студенті –  “Әңгүдік”
Старшак – “Ұлы адам”
Сынақ тапсыру – “Қыз қуу”
Декан – “Менің Әуезовым”
Деканның орынбасары – “Оң қол”
Куратор –  Әпке”
Базарлық – “Отырардан келген сый”
Сессия кезі – “Аласапыран”
Емтиханнан құласаң – “Апат”
Мұғалім үшін студент – “Мәңгілік бала бейне”
Конспект – “Қан мен тер”
Студент үшін мұғалім – “Қара кемпір”
Алғашқы таныстық – “Менің атым Қожа”
Первашка – “Жабайы алма”
1-курс студенттері – “Қазақтар”
Ал, 4-курста – “Құдалар”
Диплом қорғау – “Соңғы парыз”
Автомат – “Ақиқат пен аңыз”
Оқудан қуылу – “Ескі үймен қоштасу”
Студент сезімі:
1-курста – “Мөлдір махаббат”
4-курста – “Ымырттағы махаббат”
Диплом алған соң – “Қош, махаббат!”.

«Дүние-думанның» күндерің бір күнінде таусылатынын білгенмен де, «Аттандық сапарға көңілде мол арман» деп «өмір мектебіне» қол бұлғағанда да, жауапкершіліктің қамытын мықтап киетініңді, еркелігіңді көтере бермейтін өмірге аттағанда да сол бір алаңсыз, шаттықты да шуақты күндерді дәл осылай сағынамыз деп кім ойлапты.

P.S. Студенттер күні құтты болсын деп айтуды ұмытып барады екенмін. Халықаралық студенттер күні дегеннен гөрі жәй ғана студенттер күні дегенді мақұл көрдім. Халықаралық студенттердің болмайтынын ескерсек, дұрысы  студенттердің халықаралық күні (редакциялау сабағынан түйгенім) болмақ.

17 thoughts on “Біздер де студент болғанбыз…

  1. постыңызды оқып, филфактағы журналистика бөлімім есіме түсіп кетті, қайран 4 жыл🙂 көп рахмет жазбаңызға. Мерекеңізбен, айтпақшы🙂

  2. salem, Tarazkyzy:) Blogyn jas bolsa da, keremet eken gooooooi:)

    Rahmet jazbana! seni de otken meiramynmen kuttyktaimyn! studenttik jyldaryn otip ketse de, janyn studenttiki siyakty mangi jastyk shakty jyrlasyn:)))

  3. Salem tarazkyzy (kewirwi, mina jazbalarinnan atindi bile almadim.) Sagan ulkeeeeeeen rahmet! kezdeysok senin blogina kirip ketip kizikka tap bolganim. Anaaaaaau jogari jakta ozimizdin Omirhan Abdimannin jazgandarin okip, universitet eske tusip otirgani. Onin aytkandarina “әшақай-пәшәқай” degenin de kosip koysaniz tipti katip keter edi.🙂 menin bir angarganim, siz KazGUda okisiz goi deymin(nemese tulegisiz), solay ma? SATTILIKTER!!!!

    • Рахмет, Мәке! Иә, қара шаңырақ ҚазҰУ-дың түлегімін. Эх…
      Пысы:Әбдиманов көкемнің айтқандары көп-ақ, бірсыпырасын ғана жаздым. Әйтпесе дәптерімнің артқы жағында екі беттей тізіліп тұр дегендері:-)

  4. ИншАлла, “Біздің Мүкең” деген кітап жазып жатсам сенен пікір алғам ғой бірінші болып, себебі сол топтың Ұлттық қоры сен болған сияқтысың естуімше….

  5. Студент боп сезінбедім өзімді ешқашан… тек Ақтөбедегі лицейде оқып жүрген кездерді ғана аааассссааа махаббатпен еске аламын… одан кейін университетке жылына бір рет сессияға баратынмын и то очниктарды страшно ненавидела…. өйткені олар менен гөріііі бақытты еді….
    бірақ сені жек көрмеймін….Тараздың төлі, Алматының гүлі, Ақтаудың келіні, ең бастысы Қазақтың қызы )))))) жазбаларың керемет!!!!
    өлең күүүшшшштттііііі екен….оған кредиттік жүйемен +А

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s