Әддеміі әңгіме

2-ші Дүниежүзілік Соғыс кезі. Джон Бланкарт отырған жерінен тұрып, әскери формасын түзетіп, метродан асығыс шығып бара жатқан адамдарға үңіліп қарады. Ешқашан бетпе-бет кездеспесе де, жүрегін ұнатқан, көйлегіне қызыл гүл шоғын таққан қызды көзбен іздеді. Қызға қызығушылығы осыдан 13 ай бұрын Флорида кітапханасында бастаған-ды. Қолына түскен бір кітаптың бас жағында әдемі әріптермен төрт жолдық өлең жазылып тұрды. Қол жазуынан-ақ автордың мінезі жұмсақ, ақылды кісілігі көрініп тұрды. Өлеңнің аяқ жағында да Мисс Холис Мейнел деп қол қойылған екен. Өлең жолдардың авторы Нью Йоркта тұратынын анықтады. Оған өзін таныстырып бір хат жолдайды да, одан ары хат алмасып тұруды ұсынады. Кейінгі 1 жыл мен 1 ай бойы жіберген хаттары арқылы Холис пен Джон бір-бірін жақынырақ тани түседі. Әрбір хат, алдағы үлкен сезімге негіз қалап тұрады. Бланкарт қанша рет қыздан бір сурет жіберуін сұраса да, қыз егер сезімдер шынайы болса, сыртқы бейненің қандай болғаны маңызды емес екенін айтып сурет жіберуге келіспейді. Ақыры Джонның Еуропадан қайтып келген кезде ғана кездесетіндеріне уәделеседі.

Нью-Йорк. Метро. Сағат 19:00. “Мені көйлегіме тағылған қызыл гүлден танисыз” – деп жазған еді Холис. сағат 19:00.. жүрегімен ұнатып, бірақ бұрын жүзін көрмеген қызды Джон метроның алдынан күтіп тұр. Бір кезде үзынша келген жас бір қызды көреді. Шашы сары, көзі көк.. киген жасыл көйлегі көктемнің ең бір шуақты күні секілді еді. Көйлегінде уәделескен қызыл гүлдің жоқтығына қарамай қызға қарай бір қадам аттайды. Қыз күлімдеп қана ары қарай жүре бергенде, қыздың артында келе жатқан Холис Мейнелді көреді. Толықша келген, қырықтан асқан бір әйел, көйлегіне қызыл гүл шоғы қадаулы. Бір мезетке Джон бәрін тастап алыстап бара жатқан жас қыздың артынан жүгіргісі келеді, бірақ рухани жағынан өте жақын бола алған, сарлас-досын тастай алмайды. Қолындағы сол бір кездері Холиспен таныстырған кішкентай кітапты созып: “Мен лейтенант Джон Бланкартпін, сіз Мисс Мейнел боларсыз. Менімен кездесе алғаныңызға қуаныштымын. Сізді кешкі асқа шақырсам деп едім?” – дейді. Әйел Джонға күлімдеп қарайды да:”Балам, не болғанын түсінбедім, бірақ жаңағы жасыл көйлекті сұлу қыз гүлді көйлегіме қыстыруды қатты сұраған еді. Сол қыз егер сен мені тамаққа шақырар болсан, көшенің арғы жағындағы үлкен ресторанда сені күтетінін айтты”,- деп кете барыпты.

5 thoughts on “Әддеміі әңгіме

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s