Апамның әңгімесі

Былтыр жазда ауылға барғанымда, апамның атаммен қалай танысып, отбасылы болғандарын сұрап алғам. Түстен кейін кішкентай тамда машинкасының алдына отырып алып, құрақ құрап, көрпе тігетін әдеті бар. Осы тұста ұстамасаң, басқа уақытта ашылып әңгіме айта қоймас, «Малахов плюсы» бар, сериалдары бар, «Давай поженимсясы» бар, қол тимейді.

Апам ол кезде 16-да, Бішкекте  тұратын. Атам апама көрші тұратын қызбен танысуға келген, бірақ сол күні қыз қыдырып кетсе керек. Содан не керек Айекеңмен танысқан ғой. 1952 жыл екен, есептеп көрсем. Ол кезде айлап, жылдап жүру деген қааайдааа. 1-2 күн-ақ сөйлескен. «Бір келгенінде жастығымның астына хат жазып тастап кетіпті»,- деп жимияды апам. «Не жазыпты хатында?»,- деймін ғой, шынында қызығып. Атамның аздап өлең жазатынын білетінмін. «Е, балам, есте қалды ғой дейсің ба?»,- деп сұрағымнан сытылып шықты. Ұялды ма әлде шынымен… Жо-жоқ, ұмытуы мүмкін емес қой. Әттең, атамның көзі тірі болғанда өзінен сұрар ма едім… Содан екеуі келісіп, қол ұстасып кеткен Қазақстанға, атамның ауылына. Қыстың күні, станциядан түсіп, ауылға жаяу тартқан. 5 қыз, 2 ұл тәрбиелеп өсірді. Одан немере, шөбере ерді арттарынан.

Әңгіме барысында іштей таңданып отырғанымды несіне жасырайын. «Толық танып-білмеген адаммен қалай қол ұстасып кетуге болады?», «Құлағы қалқиған атамды қалай ұнатты екен?», «Атам қандай өлеңдер арнады екен?» сынды сауалдар менмұндаласа да, сонау сұр да суық жылдардағы романтиканы бұзғым келмеді. Махаббат қой – жауабы дейді ішімдегі екінші дауыс.

Ол біз ғой бәрін таразыға салып, өлшеп, пішіп, кесіп, әртүрлі ракурстан қарап, жүз ойланып, мың толғанатын. Ол заманда керілуге уақыт та болмаған ғой.

Сол әңгімеден кейін шифонердің төбесіндегі атамның портфель, папкаларын қанша ақтарсам да не хаттарын, не өлеңдерін таппадым. Той-томалақта қағазға қарап өлең оқитыны есімде, сол қағаздарын іздедім. Сәтсіз.

7 thoughts on “Апамның әңгімесі

  1. Былтыр бір апаймен бір палатада ем алғанбыз. Сод апаның жолдасы өзінен 9 жас үлкен екен. Олар да осы сіздің ата-апаңыздай 2 рет кездескеннен кейін, отау құрыпты. 5 баласы бар.
    Шынымен, бізге түсініксіз сол дәуірдің сезімі…

  2. Бұрындары неге болса да төзуге бар болған ғой. Ал қазір бәрі шетінен еркеміз :)) қит етсе ажырасу деп шығамыз. Өйткені өмірдің өзі бізді еркелетіп жіберген болар.
    16 жас… :))) қазір 23-25 жаста да әлі ерте маған деп жүргендер бар )))

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s