Болмадың

Жылатып көрдім, жұбатып көрдім, болмадың,
Жын атып көрдім, гүл атып көрдім, болмадың.
Бағыты бөтен жолдардан қашып, шарқ ұрып,
Шарлаумен келем, шарасыз ойдың орманын.

Жақындап көрдім, қашық боп көрдім, болмадың.
Салқындап көрдім, ғашық боп көрдім, болмадың.
Жүгірген саған жүрегім тайып құлады-ау,
Аңдамай қалып арада қатқан тоң барын.

Жұмсарып көрдім, қатты боп көрдім, болмадың,
Мұң шағып көрдім, бақ тілеп көрдім, болмадың.
Елу бір жылым өзің деп өткен секілді,
Естайдың өзін ескермей кеткен, Қорланым.

Сағынып көрдім, сағынбай көрдім, болмадың,
Бағынып көрдім, бағынбай көрдім, болмадың.
Дыбыссыз үнмен тынышымды алды тоқтамай.
Әуенсіз, сөзсіз, айтылып бітпес соңғы әнім.

Достасып көрдім, жоғалып көрдім, болмадың,
Қоштасып көрдім, оралып көрдім, болмадың.
Ақ сезіміңе аяғы ауыр арманым
Көз жұмар енді көтере алмай толғағын.

Үмітім уыс топырақ сынды қолдағы
Шашылып жатыр төмпешіктерге жолдағы.
Есімің ғана махаббат деген марқұмның
Қу моласына құлпытас болып орнады.

Есер сөз айтсам, шошыма, досым, шошыма,
Жүреміз-дағы көңілдің қарап қошына.
Сүйіп те көрдік, күйік те болдық, болмадың,
«Жүрекке әмір жүрмейді» деген осы да.

Мұрат Есжан

7 thoughts on “Болмадың

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s