Статистикасымақ

Оқу жылы басталғалы Алматы тұрғындары (басқа қаланы білмедім) пробкаға тап болды. Баяғы жарты сағатта жететін жұмысыма 1 сағатта әреееең жетем. Үлкендер студенттерді неге ұнатпайтынын енді ұқтым. Өзім студент болғанда байқамаушы ем. КазГУ аялдамасынан соң қоғамдық көліктің ішінде футбол ойнауға болады. Кеңінен тыныстайсың.

Кеше жұмыстан соң кезекті көлік кептелісінде тұрып-тұрып іш пысқаннан жаңа ермек таптым өзіме. Шағын статистика жүргізу. Бір аялдамадан екіншісіне жеткенше неше көлік айдаған әйел адам өтеді екен деп санап тұрдым. Жарты аялдама өткенше шамамен 30-ға жуық көлік өтті, жүргізушісі – әйел. Тағы бір байғаным, астындағы темір тұлпарлары осал емес. Көбісінікі қымбат көлік. Олар “либо лучшее, либо ничего” деген саясатты ұстанса керек.

Аталмыш статистикамның тез аяқталуының себебі, көзім талып кетті.

************

Керекті аялдамамнан түскен соң үйге 1 кварталдай жүру керекпін. Ендігі статистика нысаны джинси киген жандар болды. Үйге жеткенше 39 адамды көрдім джинси киім киген. Үлкені де, кішісі де қалыспайды. Елді қайтем айтып, өзім де жақсы көрем джинсиды.  Мдаааа, әлі суық түспеді жаз мезгілі дегеннің өзінде осылай. Күн суыса стастистикам екі еселенеді-ау. Кеңес үкіметі кезінде адамдар қалай өмір сүрген джинсисыз а?

Бөтелкелер

Бөтелкеден жасаған жұмыстарымды назарларыңызға ұсынып отырмын. Қызанақ тағысын тағыны лақтырмай-ақ қойыңыздаршы, өтініш. Алғашқы жұмыстарым ғой.

Мына бөтелкенің ішінде түрлі-түсті гуашпен боялған күріш. бастапқыда слой-слой болған етін, сіңлімнің “арқасында” бәрі араласып кетті.

 Мына бөтелкелердің сыртына күріш, жұмыртқаның қабығы, қарбыздың шопағы және бисер ПВА-клеймен желімделді.

 

 Ал мына бөтелке арнайы мастер-класста жасалған болатын. Бөтелкенің сыртындағы қағаздарды кетіріп аламыз, содан сон спиртпен сүртеміз (майлылығын кетіру үшін). Сырты тегіс болу үшін ақ акрилды краскамен бояймыз. 3-4 сағат кептіріп қоюға болады, шыдамсыздық танытқандар фэнмен кептіріп жатады. Кептірген соң әдемі суретті салфетканың тек керекті облысын қырқып аласыз да (салфетканың алғашқы жұқа бөлігі ғана қажет), пва-клеймен (сумен араластыруға болады сұйықтау етіп) желімдейсіз. Бөтелкенің қалған ашық жерін қалаған түске акрил краскасымен бояп жібересіз. Барлығы кепкен соң, сыртынан лактау керек, әйтпесе краскасы кетіп қалауы мүмкін. Тез әрі оңай.

 Төмендегі бөтелкелердің жасалу жолы:

Қолданылған материалдар: Шериздан ликерінің бөтелкесі, жапсырма смайлик, ақ, көк түсті акрил краска, губка, қажетті сурет және лак.

Бөтелкені тазалап алдым, ақ акрилмен боядым. Кептірдім. Мына суреттерді түүсті принтерден шығарып алдым. ПВА-клеймен желімдедім. Қалған ашық жерін көк акрилмен боядым. Барлығы кепкен соң лакпен боядым. Вот и се!

 


Сырласу

        Біз де баяғыдай емеспіз, өзгергенбіз. Уақыт, өмір бізді өзгертті…

        Әрине, адам үнемі даму үстінде. Өскен сайын ақыл да кіре бастайды. Бірақ сезім мен достық қарым-қатынас өз биігінен еш уақытта құламауға тиіс. Бұл адамгершіліктің белгісі.

        Солай ғой. Алайда әркім әрқалай ойлайды. Мен кейде достық жіпті үзгенім үшін өзімді кінәләймін. Кінәләймін де, өзімді өзім ақтап аламын…

        ?

        Кейбірімен «мені іздемеген жанды іздеп қайтем, демек менен де жақын сырласы бар» деген ой болса, енді бірімен ортада ортақ ештеңе қалмаған сияқты, ортамыз бен қызығушылығымыз сәйкес келмейді дейтінмін.

        Келісем, адамның қызығушылығы да, ортасы да өзгереді, онымен қоса басқа адамдарға да бауыр баса бастайды. Бірақ мұнымен ол адам сені ұмытты, сені достар санатынан алып тастады деген сөз емес қой. Кейде мына қарбалас тіршілікте бәрімен тығыз бұрынғыша араласу мүмкін бола бермейді. Негізі менің сол кезде құрбы деп санап келген жандарды әлі де жақсы көрем және олармен кез келген жағдайда ортақ тіл табыса алам деп ойлаймын. Сондықтан біз дос болдық және дос боп қаламыз да!

        Рас айтасың. Мен де баяғыша жақсы көрем достарымды, бірақ қанша уақыт өтсе де сезімімді көрсетуді үйрене алмадым. Осыған дейін достығымды ұсынып, ешкімге байлағым келмеді. Менен басқа ешкімге керек еместей көрінетін. Бәлкім мен қателескен болармын, иә. Қателескен екенмін…

        Мына күйбең тіршілік пен зымыраған уақыт маған да, саған да ойлануға да, кеткен қателікті түзетуге де мүмкіндік бермеді. Сондықтан осындай түсінбеушілік болды. Бірге өткізген сол бір бақытты күндерді бағалауымыз керек әрі сол кездегі сыйластық, достық, сүйіспеншілік сезімдерін жоғалтпауымыз тиіс деп ойлаймын…

        Эх, студенттік күндерді қайда оралтар болсақ қой…

        Айтпа, ол кезде өзімізше бақытты едік қой…

        Сол күндерді еске алсам, жаным жадырайды. Сендер берген сыйлықтар, открыткалар, бәрі-бәрі сақтаулы…

        Мен де. Уақыт өтіп, есейген сайын көп ойланады екенсің. Ақыл кіріп, ес кіріп… Баяғыдай ессіз студент емеспіз…

        Сол күндерді соншалықты сағынамын деп кім ойлапты…

Жазым қалай өтті

Осыған дейін де бұрқыратып жазғаным шамалы еді, бірақ азды-көпті жазғанымды тоқтатуыма әсер еткен факторлар –  жаздық демалыс бар, оған уордпресстің жабылғанын қосыңыз. Ерланның “жазыңдар” деген жан айқайын оқып, саусақтарымды клавиатураға қойдым:-).

Жаздың қалай өткенін де байқамай қалдым. Маусым айынан бастап Алматы-Семей-Өскемен-Күршім-Алматы маршрутымен сапарлаттық. Семейдің көпірін, Өскеменнің автовокзалын ғана көре алдым. Күршімде ұзағынан аялдадық. Ертістің арғы жағында орналасқан бұл аудан орталығында 1,5 айдай уақыт болыптық. Барғаннан келіндік қызметім басталды. Онда барғалы газ, духовка, еттартқыштармен мықтап достастым. Рас, Таразда өскен маған біраз нәрсе таңсық болып көрінді:

·         Таңнан тұрып есік алдын сыпыру, сәлем салу, сиыр сауу атымен жоқ. Ондайға үрке қарайды.

·         Рауғашты алғаш көрдім әрі таттым. Қышқылдау болған соң, оны қантқа матырып жейді екен.1 мүшегін 700 тг. сатып алып, варенье жасауға боладыJ

·          Балықтың фаршынан котлетті де осында көрдім қалай жасайтынын.

·         Шығыстықтар үшін: қияр-әгүршік, қасық-қалақ, үлкен-жоян, піскен-пісқан, пияз-сарымсақ т.т. екен.

·         Жалпы Ертістің өзі, паром бәрі-бәрі мен үшін бір ерекше дүние болды.


Бір түсінгенім, еліміздің Шығыс өңірінің фаунасы мен флорасы бай екен. Тауы да, суы да, табиғаты да әдддемі. Табиғатына қарап көзім демалды, шын айтам. Ұнамаған бір нәрсесі – масалары. Олар кімге ұнасын? Бірақ Күршімнің масалары көзіңді бақырайтып киіміңнің сыртынан шағып кетеді ғой. Опшым, біраз қаным ішілді:-).

Бірде бақшадағы сулы шұңқырдан 32 шаян таптық. Шелекке салып, үлкен суға жібердік. Соның бірін суретке түсіріп алып ек.


Бұл аймақтағылардың біразы балық аулап, оны сатып күнін көріп жүрген екен. Алайда түрі жәп-жаман мына шаяндардың құны қымбатырақ болған сон, шаянға көшкен. Естуімше, бір балық зауыты бар, оның өзі бар өнімді Еуропаға жібереді. Шаянмен айналысатын бір шаруа қожалығы бар, бар тауарды Ресейге жөнелтеді екен. Жеп көргендердің сөзіне сенсем, шаян өте дәмді және де тек тірідей пісіріледі екен.

Балық пен шаянды қойшы, мұндағы жұрт құртқа жорыққа шығыпты. Таулы жерде бір шөп бар, соның тамырында әппақ құрттар болады екен.Оны қытайлықтар қымбат бағаға сатып алуда. Бір шақпақ қорабы 30 мың тг, 1 литры 350 мың тг, Зайсан жақта 500 мыңға алатынын білдік. Ол шөптің тамыры 1,5-2 метр тереңде екенін ескерсек, жұмысы оңай емес. Бірақ сомасы да жаман емес ә.Әлгі құртты спиртпен настой жасап, ішсе адам бар ауруынан айығады екен. Ай, қытайдың білмейтіні жоқ.Құртымыз да кетті Қытайға.

Бір күні есік алдынан мына кірпішешенді ұстап алдық. Ұстап алдық та, фотосессия жасадық:-)

Бәрін айт та, бірін айт, осы жаз өзі қызыққа толы болды!